Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР 2011 жылғы 27 маусымдағы № 443-ІV Заңымен ратификацияланды 2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағында (бұдан әрі - кеден одағы) интеграциялық процестерді тереңдетіп, жеделдету және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру мақсатында, 2005 жылғы 24 наурыздағы ЕурАЗЭҚ-қа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімде, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімде, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімнің айналымы туралы келісімде, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Сертификаттау (сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі органдарды және сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі жұмыстарды орындайтын сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуді өзара тану туралы келісімде және 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартта белгіленген ережелерді назарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді: кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігі туралы декларация (сәйкестік туралы декларация) - дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, өнім беруші, сатушы) кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында айналымға шығарылатын өнімнің кеден одағы техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|