Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 719 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламенті бекітілсін. 2. Мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандырыған нысаны орнатылған, мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілген күнінен бастап бір ай мерзімде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша оның құзыретіне кіретін әрбір электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жеке электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген
Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламенті ___________________________________________________ (электрондық мемлекеттік қызметтің атауы)
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де ұйымдардың (бұдан әрі - қызмет беруші) атауын көрсетіңіз. 2. Негізінде электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін, мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) атауын, сондай-ақ стандарт бекітілген актінің атауын, оның нөмірін және күнін көрсетіңіз. 3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: толықтай автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтымайтын электрондық мемлекеттік қызмет) немесе ішінара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтымайтын электрондық мемлекеттік қызмет). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|