Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы (2021.18.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 238 Қаулысымен күші жойылды
2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1133 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» (бұдан әрі - халықаралық шарттар) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (және) немесе халықаралық ұйыммен (ұйымдармен) жасасқан халықаралық шарттарды тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының (бұдан әрі - орталық органдар) атынан жасалған халықаралық шарттар тіркеуге, есепке алуға және сақтауға жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|