Орман қоры мемлекеттік есебінің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 59-бабын, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6 қосымшаларға сәйкес орман қоры мемлекеттік есебінің нысандары бекітілсін. 2. «Орман қорының мемлекеттік есебі көрсеткіштерінің тізбесін және тиісті құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 6 шілдедегі № 150 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3741 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2006 жылғы ақпанда № 2, 205-құжат жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н. Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Статистика агенттігімен келіссін және осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Ә. Смайылов 2010 жылғы 7 қазан
Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 630 бұйрығына 1-қосымша
______________жағдайына Қазақстан орман қорының есебі Орман қорының санаттар мен пайдаланылатын жерлер бойынша бөлінуі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|