Мемлекеттік органдардын бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткізу қағидасын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1719 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 каңтардағы Заңынын 5-бабы 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткілу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1258 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасынын операторын айқындау конкурсын өткізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткізу тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2) конкурстық комиссия - уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін, кұрамына конкурстық комиссияның төрағасы, конкурстық комиссия төрағасының орынбасары, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, ішкі істер органдарының өкілдері (келісім бойынша) кіретін, кемінде бес адамнан тұратын алқалы орган; 3) конкурстық комиссияның хатшысы - конкурстық комиссияның ұйымдық қызметін қамтамасыз ететін адам. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның өкілі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс құқығы болмайды; 4) конкурсты ұйымдастырушы - уәкілетті орған; 5) қатысушы - конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|