|
|
|
Қазақстан Республикасының (2015.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кодексімен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) бақылау және қадағалау органдары - тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан байқауды және тексеруді жүзеге асыратын, орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары және аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар; 2) жедел ден қою шаралары - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерілетін субъектілерге қоғамдық қауіпті салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексеруді жүзеге асыру барысында және тексерулердің нәтижелері бойынша қолданылатын ықпал ету тәсілдері; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - бақылау) - тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау және қадағалау органының тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқықтық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі - қадағалау) - тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылау және қадағалау органының тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) реттеуші мемлекеттік органдар - мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар; 5) тәуекел - тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері - тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылды 6-1) тәуекелдерді бағалау жүйесі - тексерулерді тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені; 6-2) тексерілетін объектілер - бақылауға және қадағалауға жататын, тексерілетін субъектіде меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде болатын мүлік; 7) тексерілетін субъектілер - қызметіне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.
2-бап. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы баптың 3, 4-тармақтарында және осы Заңның 12-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заң құқықтық мәртебесіне, меншік нысанына және қызмет түрлеріне қарамастан, тексерілетін субъектілерге бақылау және қадағалау жүргізуді ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттейді. 1) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу тәртібі; 2) бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргізу кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі; 3) тексерілетін субъектілердің бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар; 4) бақылау және қадағалау органдарының және олардың лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері белгіленеді. 3. Осы Заңның 4 және 8-баптарын қоспағанда, осы Заңның күші: 1) инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауға; 2) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттар талаптарын сақтауын бақылауға; 3) кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды. 4. Осы Заңның күші, осы Заңның 8-бабын қоспағанда, мынадай: 1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау; 2) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысындағы бақылау және қадағалау; 5) Қазақтан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының сақталуын бақылау салаларына қатысты қолданылмайды. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға байланысты бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде туындайтын қатынастар көрсетілген салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылды 6. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау және қадағалау осы Заңға қосымшада көзделген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады. 7. Осы Заңға қосымшаға жаңа салаларды енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс. 8. Осы баптың 7-тармағының күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
4-бап. Бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары мен міндеттері 2) бәрінің заң және сот алдындағы теңдігі; 3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы; 5) бақылаудың және қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйелілігі; 6) мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіптік біліктілігі мен құзыреттілігі; 7) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жауаптылығы; 8) жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы; 9) қажеттілік пен жеткіліктілік; 10) мемлекеттік органдар арасындағы бақылау өкілеттіктерінің аражігін ажырату; 11) адал тексерілетін субъектілерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылау мен қадағалауды шоғырландыру; 12) тексерілетін субъектілер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғауға қабілеттілігін арттыру; 13) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығы; 15) объективтілік және турашылдық; 16) дәйектілік қағидаттарына негізделеді. 2. Бақылаудың және қадағалаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрі жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, тексерілетін субъект өндiретiн және сататын өнiмдердiң, технологиялық процестердің адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады. 3. Мемлекеттік органдарға, осы Заңның 13-бабының 3-тармағында, 14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектiлеріне тексеру жүргiзу тәртібі мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға тыйым салынады. 4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдар оларды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келіседі. 5. Жеке кәсіпкерлікті бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның қосымшасында көрсетілген қызмет салаларында жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап жаңа редакцияда 5-бап. Тексерілетін субъектілердің (объектілердің) қызметіне қойылатын талаптар Тексерілетін субъектілердің (объектілердің) қызметіне қойылатын талаптар нормативтік құқықтық актілерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында ғана белгіленеді.
6-бап. Құқық қорғау органдарының бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы кезіндегі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кепілдіктері Құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау іс-шараларын жедел-іздестіру қызметі, қылмыстық қудалау, әкімшілік іс жүргізу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын іске асыру шеңберінде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге да жағдайларда жүргізеді.
1. Бақылау ішкі бақылау және сыртқы бақылау болып бөлінеді: 2. Ішкі бақылау - мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асыратын бақылау. Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 8-бабында айқындалады. Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды. 3. Сыртқы бақылау - бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру және қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау. Сыртқы бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 10-бабында және 2-тарауында айқындалады. Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде әкімшілік, тәртіптік іс жүргізуді қозғайды не өз құзыреті шегінде тиісті талап арызға бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.
1) құқықтық актілердің орындалуын бақылау (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралар). Бұл жағдайда орындалуға тиіс іс-шаралар қамтылған барлық құқықтық актілер бақылауға алынады; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылау болып бөлінеді. 1) қажетті ақпаратты талап ету; 2) орындалуы туралы есептерді және баяндамаларды тыңдау және талқылау; 3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары; 4) жергілікті жерлерге шыға отырып, тексерулер; 5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі. 3. Ішкі бақылау мынадай өлшемдер: 1) құрылымдық, аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағаныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар және лауазымды тұлғалар қызметінің олардың алдына қойылған міндеттерге сәйкестігі; 2) орындаудың уақтылығы және толықтығы; 3) орындау кезінде заңнама талаптарын сақтау бойынша жүргізіледі. 4. Күшіне енген құқықтық актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі қажеттігіне қарай бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. Бұл ретте ішкі бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы келіп түскен ақпаратты: 1) құқықтық актінің деңгейін және орындалу сапасын; 2) құқықтық актіні орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың себептерін және ауытқушылықтарды жою үшін ықтимал шараларды белгілеуді; 3) бақылаудан алу не орындалу мерзімін ұзарту мүмкіндігін; 4) құқықтық актіні орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін нақты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін айқындау үшін талдайды. Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша әзірленген ұсыныстар тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік органның басшылығына баяндалады. Ақпаратқа талдау жүргізген мемлекеттік органның орындаушылары қабылданған шешім туралы хабардар етіледі. 5. Құқықтық актіде көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылаудан алуды және мерзімдерін ұзартуды мемлекеттік органның басшылығы жүзеге асырады. 6. Жоғары тұрған мемлекеттік органның не орындаушы органның бақылау қызметі құқықтық актіде белгіленген орындау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органның регламентінде айқындалған тәртіппен орындаушыға тиісті жазбаша ескерту жібереді. Ішкі бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың қосымша мәселелерін мемлекеттік органның өзі не одан жоғары тұрған мемлекеттік орган айқындауы мүмкін.
1. Қадағалау уәкілетті мемлекеттік органның әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектейтін шараларын қолдануы болып табылады. Жедел ден қоюдың құқық шектейтін шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделеді және мемлекеттік органдар, егер тексерілетін субъектінің қызметі, тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірген жағдайда қолданады. 1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау; 2) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлінеді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-бап. Бақылау және қадағалау нысандары 1. Тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау және қадағалау: 1) ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы Заңда айқындалатын тексеру нысанында; 2) егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипатындағы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады. 2. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде: 1) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады; 2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелу және тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету талап етілмейді; 3) бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге осы бұзушылықты жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасалады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарына қолданылмайды. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау мүмкін емес бөлігінде осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды. 3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары: 1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген; 2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген; 3) егер бару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерумен байланысты болған; 4) құрылыс-монтаждау жұмыстарына үйлер мен ғимараттардың тіреу және қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын талаптарға сәйкестігіне инспекциялау жүргізілген; 5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылау жүзеге асырылған; 6) ішкі істер органдары Қазақстан Республикасында қару мен оның патрондары айналымының қағидаларын сақтау мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асырған; 7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтау бойынша бақылау жүзеге асырылған; 8) тексерілетін субъект рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес өз қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны (ақпаратты) алуы үшін бастамашылықпен жүгінген; 9) егер бару «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізілетін өнім қауіпсіздігі мониторингін жүзеге асыру үшін өнімдерді іріктеумен байланысты болған; 10) карантинді объектілердің және аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарын анықтауға аумақтарды зерттеп-қарау жүргізілген; 11) егер бару Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес астық сапасын айқындау үшін қабылдау, тиеп-жөнелту және оның сандық-сапалық есебі кезінде астықтың, сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорындарында сақтаулы мемлекеттік астық ресурстарының сынамаларын іріктеуге байланысты болған жағдайларда жүргізіледі. 4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын бару арқылы жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъект (объект) тұрған жердегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарды оларды жүргізгенге дейін хабардар етеді. 5. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын талдау нәтижелері ішінара тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11-бап. Реттеуші мемлекеттік органдар мен бақылау және қадағалау органдарының құзыреті 1. Реттеуші мемлекеттік органдар: 1) бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын тиісті саладағы (аядағы) бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) осы Заңның 13-бабының 2 және 3-тармақтарында, 14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін өз құзыреті шегінде бекітеді; 3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады; 4) бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады; 5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 2. Бақылау және қадағалау органдары: 1) тиісті саладағы бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) осы Заңның 13-бабының 2 және 3-тармақтарында, 14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін өз құзыреті шегінде әзірлейді; 3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылауды және қадағалауды жүргізеді; 4) бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүргізеді; 5) бақылауды және қадағалауды жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2-тарау. ТЕКСЕРУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 12-бап. Тексерулердің жалпы мәселелері 1. Тексерілетін субъектіні тексеру - бақылау және қадағалау органдары мынадай: 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) мемлекеттік органның лауазымды адамының тексерілетін субъектіге (объектіге) баруы; 2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етуді қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты сұрату; 3) осы Заңның 5-бабына сәйкес тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту сияқты іс-әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізетін бақылау және қадағалау нысандарының бірі. 2. Тексерілетін субъектілердің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің нысанасы болып табылады. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарын, 29-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |