Iшкi су көлiгi туралы (2010.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелеріне», «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерін», «кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелеріне», «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерімен», «кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерінде», «Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерін» деген сөздер тиісінше «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жән оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жән оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң кеме қатынасын, жолаушыларды, багажды және жүк тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) айлақ - кемелердің қауіпсіз кіруіне арналған құрылғылары бар және кемелердің қауіпсіз тоқтап тұруына, оларға жүк тиеуге, жүк түсіруге және қызмет көрсетуге, сондай-ақ жолаушыларды кемеге отырғызуға және кемеден түсіруге арналған гидротехникалық құрылыс; 2) арқандап байлау - кеменің айлаққа, пирске немесе басқа кемеге жақындап келуі және кемені осыларға бекіту жөніндегі іс-қимылдар; 2-1) әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар - халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағатандыратын және жергілікті атқарушы органдар айқындайтын жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдау; 3) дебаркадер - жолаушылар кемелерін немесе жүк кемелерін арқандап байлауға және оларға қызмет көрсетуге арналған жүзбелі айлақ; 4) диспаша - тасымалдауға қатысатын тараптар арасында жалпы авария бойынша бөлінетін шығындарының есебі; 5) диспашерлер - ішкі су көлігі саласында білімі мен тәжірибесі бар, диспашаны айқындау жөніндегі есепті жасайтын адамдар; 6) жағалау белдеуі - экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған, жағалау сызығынан бастап ені жиырма метрге тең, су объектiлері жағалауы бойындағы құрлық белдеуі; 6-1) жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмi - осы Заңның 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік кемелер тіркелетін құжат; 7) жол жұмыстары - iшкi су жолдарындағы су түбiн тереңдету, түзеп-жөндеу, тральдау, су түбiн тазарту, iздестiру жұмыстары және навигациялық құрал-жабдықтарды орналастыру мен күтiп ұстау жөніндегі басқа да жұмыстар; 8) жолаушы - тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұрған және билетте немесе оның жол жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетiлген не жүк тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының келісімiмен автокөлiк құралын, жануарларды және өзге де жүктi алып жүруге оның құқығы расталған адам; 8-1) жолаушы куәлiгі - кемедегі жолаушылардың рұқсат етілген ең көп саны туралы мәлiметтерді қамтитын кеме құжаты; 8-2) жолаушылар кемесі - он екiден артық жолаушыны тасымалдауға арналған кеме; 9) жүзуге жарамдылығы туралы куәлік - Кеме қатынасы тіркелімінің ережелеріне сәйкес берілетін Кеме қатынасы тіркелімінің негізгі құжаттарының бірі; 10) кеме - Кеме қатынасы тiркелiмiнiң техникалық бақылауындағы, ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүзетiн немесе өздігінен жүзбейтiн жүзбелi құрылғы, оның iшiнде «өзен-теңiзде» жүзетiн кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылғылар); 11) кеме жолы - белгілі бір көлемдегі кемелердің кедергісіз жүзуіне жол берілетін шектерде жолдың бағыты мен шекараларын көрсететін навигациялық жағдайдың белгілері қойылған ішкі су жолдарындағы су беті; 12) кеме жүргізу - ішкі су жолдарымен жүзуді жүзеге асыратын кемені басқаруға байланысты қызмет; 13) кеме иесі - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кемені өз атынан иелену және пайдалану құқығымен пайдаланатын тұлға; 13-1) кеме ипотекасы - мемлекеттік тiркеуге жататын ішкі суда жүзетiн кеменiң, оның ішінде шағын көлемдi кеменің, «өзен-теңiзде» жүзетiн кеменiң, сондай-ақ жасалып жатқан кеменiң тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы; 14) кеме кітабы - Мемлекеттік кеме тізіліміне енбеген кемелер мен оларға құқықтар тіркелетін құжат; 15) кеме қатынасы - ішкі су жолдарында жүктерді, жолаушылар мен олардың багаждарын, почта жөнелтілімдерін тасымалдау, кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреуге, пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру, балық аулау және өзге де кәсіпшілік, құрылыс, жол, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа осы сияқты жұмыстар, кемелерді лоцмандық алып өту, құтқару операциялары, су объектілерін қорғау, оларды ластану мен қоқыстанудан сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, суға батқан мүлікті көтеру, санитарлық және басқа да бақылау, ғылыми зерттеулер жүргізу, оқу, спорттық, мәдени және өзге де мақсаттар үшін кемелерді пайдалануға байланысты қызмет; 16) кеме қатынасы шлюзi - кемелердi судың бiр деңгейiнен екiншi деңгейiне көтеруге немесе түсiруге арналған гидротехникалық құрылыс; 17) Кеме қатынасының тiркелiмi - iшкi суларда жүзетiн кемелердi және «өзен-теңiзде» жүзетiн кемелердi жіктейтін және олардың техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттік кәсіпорын; 18) кемелерді лоцмандық алып өту - кемелердің ішкі су жолдарының аса күрделі учаскелері бойынша қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін қызмет; 19) кеменің меншік иесі - Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға; 20) киль - кеменің негізгі ұзына бойы созылған элемент, ол кеменің түбін бойлай оның тұмсығынан артқы жағына дейін тартылып, оны екі симметриялы бөлікке бөледі; 21) көліктік жүкқұжат - тікелей су және аралас қатынастарда жүк тасымалдау кезінде ресімделетін тасымалдау құжаты; 22) куәландыру - кеменің арналуы мен жіктелімінің расталуын есепке ала отырып, оның жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, техникалық регламенттерде және Кеме қатынасы тіркелімінің ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес кеменің техникалық жай-күйін анықтау мақсатында кемені қарап шығу; 23) Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары (бұдан әрі - ішкі су жолдары) - кеме қатынасы мақсатында пайдалануға болатын табиғи немесе қолдан жасалған қатынас жолдары; 24) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі (бұдан әрі - ішкі су көлігі) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және ішкі су жолдарында кеме қатынасы мен кеме қатынасына байланысты өзге де қызметті жүзеге асыратын көлік түрі; 25) қарап шығу - уәкілетті органның объектіні қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне тексеруі; 26) қауіпті жүк - өзінің қасиеттері мен ерекшеліктеріне қарай тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде жарылыстың болуына, өрттің шығуына немесе техникалық құралдардың, құрылғылардың, үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өліміне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына себеп болуы, қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін жүк; 27) лоцман - кемені арқандап байлау, зәкірге қою және оларды портта қайта орналастыру орнына қауіпсіз алып жүру саласындағы белгілі бір білімі мен дағдысы бар маман; 28) Мемлекеттік кеме тізілімі - осы Заңның 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес кемелер мен оларға құқықтар тіркелетін құжат; 29) мемлекеттік көліктік бақылау (бұдан әрі - көліктік бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралардың жиынтығы; 30) навигация - кеме қатынасын жасау мүмкін болатын уақыт кезеңі; 31) «өзен-теңіз» суларында жүзетін кеме - техникалық сипаттамалары бойынша теңіз және ішкі су жолдарында кеме қатынасы мақсатында жарамды әрі белгіленген тәртіппен пайдалануға жіберілген кеме; 32) порт - жолаушылар мен кемелерге қызмет көрсету, жүктерді тиеу, түсіру, қабылдау, сақтау және беру, көліктің басқа да түрлерімен өзара іс-қимыл жасасу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесінде және ішкі су жолдары акваториясында орналасқан құрылыстар кешені; 33) порт акваториясы - кемелер мен құрамдар жүгінің өңделуін немесе рейске жөнелтуді күтіп тұратын, сондай-ақ қажетті операциялар орындалатын айлаққа және рейдтер құрылғысына кемелердің келуі мен онда тұруы үшін қызмет ететін су бетінің шектеулі учаскесі; 34) рейдтер - кемелердің зәкір салып тұруына, маневр жасауына немесе жүктерді қайта тиеуге арналған кеме жолы шегінен тыс порт акваториясының бөлігі; 35) рейс - белгілі бір уақыт аралығында географиялық пункттер немесе аудандар арасында жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдаудың көліктік процесі; 35-1) судың жобалық деңгейі - кеме қатынасы қарқындылығының белгісі бойынша су жолдары тобына қарай көпжылдық қамтамасыз етудің белгіленген шамасы бар төменгі навигация деңгейлерінің бірі, оның негізінде кеме қатынасы өзендерінде кепілдік берілген кеме жүрісі габариттері белгіленеді; 36) такелаж - жүк көтеру жұмыстарына, тулар мен белгілерді көтеруге және түсіруге арналған кеме жабдықтарының жиынтығы; 37) тасымалдаушы - кемені меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздермен иеленуші, жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін және тасымал құжаттарында көрсетілген тұлға; 38) тез бүлінетін жүк - жарамдылық мерзімі шектеулі және тасымалдау мен сақтаудың ерекше шарттарын қажет ететін жүк; 39) тексеру - кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың іс-әрекеті; 40) теңізші паспорты - шетелдерге жүзетін қазақстандық кемелерде немесе шетелдік кемелерде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат; 41) техникалық қадағалау - Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі туралы заңнамасының сақталуын кезең-кезеңмен тексеруді қамтитын кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сыныптау қызметінің құрамдас бөлігі; 42) тұру пункті - кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін жөндеу, олардың жылдың жазғы және қысқы мезгілінде тұруы, оларды техникалық байқаудан өткізу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесі мен су беті объектісінің акваториясы; 42-1) тіркеу нөмірі - кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде оған берілетін нөмірі; 43) уәкiлеттi орган - iшкi су көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 44) уәкілетті органның кәсіпорны - қызмет көрсететін шекаралар шегінде кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі су жолдарын және кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерін) тиісінше күтіп ұстау мен дамыту үшін өндірістік қызметті жүзеге асыру негізгі міндеті болып табылатын ішкі су көлігінің мемлекеттік кәсіпорны; 45) шағын көлемдi кеме - кеме қатынасына байланысты емес, демалыс, серуен, спорт және басқа қызмет үшін әдейі арналған, жолаушы сыйымдылығы он екі адамға дейін немесе жалпы сыйымдылығы сексен тіркелімдік тоннадан аспайтын қозғалтқыш қуатына және ұзындығына байланыссыз жүзбелі құрылыс, сондай-ақ аспалы моторы бар кемелер (қозғалтқыш қуатына қарамастан), жүк көтергіштiгi бір жүз елу килограмм және одан артық желкенді кемелер және өздігінен жүзбейтiн кемелер (жүк көтергіштігі бір жүз килограмм және одан артық ескектi қайықтар, жүк көтергіштігі бір жүз елу килограмм және одан артық - байдаркалар, жүк көтергіштігі екі жүз жиырма бес килограмм және одан артық - үрмелі кемелер).
2-бап. Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заң iшкi су жолдарындағы: 1) iшкi су жолдарында пайдаланылатын кемелердегi; 2) гидротехникалық құрылыстардағы; 3) iшкi су жолдарында орналасқан порттардағы қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. 2. Осы Заң Қазақстан Республикасы Әскери-теңiз күштерiнiң және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң туын көтерiп жүзушi кемелерге қолданылмайды. 3. Теңiз портына кiрген жағдайларда, құтқару операциясы кезiнде және теңiз кемесiмен iшкi суларда жүзетiн кемелердiң, сондай-ақ «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердің соқтығысуы кезінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы заңдарымен реттеледi. 4-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi Iшкi су көлiгi саласындағы қызмет мынадай негiзгi принциптер: 1) кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң басымдығы, адамның өмiрi мен денсаулығын қорғау, табиғатты және экологиялық қауiпсiздiктi қорғау; 2) iшкi су көлiгiнде жұмыстар атқару мен қызметтер көрсету кезiнде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдiгі; 3) қызметтер көрсетудi тұтынушының тасымалдаушыны еркiн таңдауын қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстар атқару мен қызметтер көрсету бағаларының еркiндiгiн қамтамасыз ету негiзiнде жүзеге асырылады. 5-бап. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту 1. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен материалдық шығындар мен нұқсанды соған тең құнмен кейiннен өтей отырып, тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы. 2-тарау. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау
6-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылаудың негiзгi мiндеттерi Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылаудың негiзгi мiндеттерi: 1) республика экономикасының және халықтың тасымалдауларға, iшкi су көлiгіндегі жұмыстардың атқарылуы мен қызметтердiң көрсетiлуiне қажетiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) ішкі су көлігінің және оның өмірлік циклі процестерінің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғау; 3) iшкi су көлiгіндегі тасымалдаулардың iшкi рыногын қорғау; 4) iшкi су көлiгi мен iшкi су жолдарының инфрақұрылымын одан әрi дамыту; 5) iшкi су көлiгi саласындағы қызметке және кеме қатынасы қауiпсiздiгiне бақылау жасау болып табылады. 7-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді 1. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау құқықтық қамтамасыз ету, техникалық реттеу қызметінің жекелеген түрлерiн лицензиялау, Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңдарының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады. 2. Iшкi су көлiгіндегі мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне: 1) iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 2) iшкi су жолдарын және ішкі су көлігін дамыту жөніндегі тұжырымдама мен бағдарламаларды бекіту; 3) iшкi су көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 4) Ішкi су жолдарын пайдалану қағидасын бекіту; 5) Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу қағидасын бекіту; 6) порттың мiндеттi қызмет көрсетулерiнiң тiзбесiн бекіту; 7) жағалау белдеуiн пайдалану тәртібін айқындау; 8) кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртібін айқындау; 9) iшкi су көлiгi саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау кезiнде біліктiлiк талаптарын бекіту; 10) біліктілік комиссиялары туралы ережені, кемелердiң командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау тәртібін бекіту; 11) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктер тiзбесiн бекіту; 12) Қауiптi жүктердi тасымалдау қағидасын бекіту; 13) Қазақстан Республикасының аумағымен транзиттiк жолаушы қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау; 14) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багажды және жүктi әкелуге, әкетуге, олардың транзитіне тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау; 15) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекіту; 16) кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу; 17) Кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидасын бекіту; 18) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын қою, жолаушыларды кемеге отырғызу әрі одан түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібін айқындау; 19) Ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту; 20) Кемелердегі, оның ішінде ішкі су жолдарындағы шағын көлемді кемелердегі көлік оқиғаларын тергеуді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидасын бекіту; 21) Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасын бекіту; 22) Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту; 23) Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту; 24) Шағын көлемді кемені және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту; 25) Ішкі су жолдарында жүзу қағидасын бекіту; 26) Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту; 27) Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін сүйреу қағидасын бекіту; 28) Тасымалдаушылардың әлеуметтік мәні бар жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту; 29) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi 1. Уәкiлеттi органның құзыретiне: 1) iшкi су жолдарын және iшкi су көлiгiн дамыту жөніндегі тұжырымдама мен бағдарламаларды әзiрлеу; 2) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, iшкi су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды ұйымдастыру; 3) iшкi су жолдарының кеме қатынай алатын жағдайда болуын қамтамасыз ету және шлюздердi күтiп ұстау; 4) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу; 5) Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнің, Жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнің және кеме кітабының нысандарын бекіту; 6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын беру және кеменi шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешiм қабылдау; 7) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлеу және бекіту; 8) лоцмандық қызмет туралы ереженi бекіту; 9) мiндеттi түрде лоцмандық алып өтуге жататын iшкi су жолдары учаскелерiнiң, кемелер түрлерi мен көлемдерiнiң тiзбесiн бекіту; 10) Ішкi және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi сыныптау қағидасын бекіту; 11) кемелердiң, порттардың, жағалау объектiлерiнiң, кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарының техникалық куәландырылуын жүргiзудi қамтамасыз ету; 12) Пайдаланылатын кемелердi куәландыру қағидасын бекіту; 13) Кемелердi жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту; 14) Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасын бекіту; 15) Кемелерді жөндеу қағидасын бекіту; 16) киiм нысаны үлгiлерiн (погонсыз) және айырым белгiлерiн, нысанды киiм киiп жүру тәртібін, онымен қамтамасыз ету нормаларын және оларды киiп жүру құқығы бар мемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлерi мен ішкі су көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тiзбесiн бекіту; 17) Аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту; 18) Пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкi және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту; 19) Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту; 20) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес iшкi су көлiгi саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау; 21) Техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту; 22) Ішкi суда жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту; 23) өз құзыретi шегiнде iшкi су көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру; 24) iшкi су көлiгi саласында туындайтын қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу; 25) суға кеткен мүлiктi көтеру тәртібі мен мерзiмдерiн айқындау; 26) Қазақстан Республикасының кеме қатынасының су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту; 27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. |