Қазақстан Республикасының
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы (2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңірлік және дүниежүзілік экологиялық желінің құрамдас бөлігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтіру, орнықты пайдалану және басқару жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) биологиялық ресурстар - экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдері немесе олардың бөліктері, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөліктері; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі - өздеріндегі барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендердің репрезентативтік өкілдігін қамтамасыз ететін санаттары мен түрлері саналуан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жиынтығы; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрі - күзету) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және оның жолын кесу, өрттің алдын алу, байқау және жою үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуі мүмкін іс-шаралар кешені; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрі - қорғау) - судың қолайсыз әсерін жою, өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуі мүмкін іс-шаралар кешені; 6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару және бақылау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендері ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектілерінің жиынтығы; 8) интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін олар мекендейтін орта шегінен тыс жерлерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру; 9) мемлекеттік табиғи-қорық қоры - табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, оқу-ағарту, білім беру, туризм және рекреация нысанасы ретінде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектілерінің жиынтығы; 10) мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафтық объектілер мен олардың кешендері, жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген түрлері (таралымдары) (соның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлері); 11) рекреациялық жүктеме - есептік кезеңде немесе уақыт бірлігінде демалыс түрінің жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бірлігіне шаққандағы демалушылардың бір мезгілдегі саны; 12) Табиғат жылнамасы - мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар және мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ғылыми бөлімшелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерінің жай-күйіне бірыңғай әдістеме бойынша жүзеге асыратын жүйелі байқаулар мәліметтерінің жиынтығы; 13) табиғи кешендерді орнықты пайдалану - табиғи кешендердің биологиялық ресурстарын ұзақ мерзімді перспективада биологиялық саналуандықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану; 14) табиғат қорғау ұйымдары - мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер (табиғат қорғау мекемелері) және мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер; 15) экологиялық дәліз - тірі табиғат объектілерінің табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету және биологиялық саналуандықты сақтау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерімен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектілері учаскелерін білдіретін экологиялық желінің бір бөлігі; 16) экологиялық желі - өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерімен экологиялық дәліздер арқылы байланысқан және өңірдің табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған әр түрлі санаттар мен түрлердегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешені.
2-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы 1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі. 3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүліктік қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі. 4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер: 1) биологиялық саналуандықты, бірегей және типтік ландшафтарды сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін экологиялық желінің базалық құрамдас бөлігі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау; 3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелерді сақтау; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениетті, оқу-ағартуды, білім беруді, туризмді дамыту мақсаттарында пайдалану; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы; 6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық; 7) жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы; 8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетімділігі; 9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
4-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілерi Табиғи кешендер, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілері болып табылады.
5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілерi Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыретіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.
2-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесi Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесіне: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2) уәкілетті орган; 3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар; 4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкілді органдары; 5) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары; 6) табиғат қорғау ұйымдары; 7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кіреді.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган; 3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар; 4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкілді және атқарушы органдары жүзеге асырады.
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi Қазақстан Республикасы Yкіметінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құзыретіне: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу; 2) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін иелену, пайдалану және иелік ету құқығы; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органды айқындау; 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді 4) мыналарды: республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін; республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін; уәкілетті органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту бағдарламаларын; реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережелерін бекіту; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді салу конкурстарын өткізу тәртібін; республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумақтарының шекарасын және оларды қорғау режимінің түрін; биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін; республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту тәртібін бекіту; 5) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерлерден жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде сатып алу арқылы беру және алып қою; 6) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту; 2008.01.12. № 94-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) уәкілетті органның үсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және оның тәртібін бекіту; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды 6-2) уәкілетті органның ұсынысы бойынша жаратылыстану-ғылыми негіздемесіне берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды 8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
8-бап. Уәкілетті органның құзыретi Уәкілетті органның құзыретіне: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 3) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу; 2008.01.12. № 94-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізу; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) мыналарды: заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу тәртібін; мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді келісуді; мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын; республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін; табиғат қорғау ұйымдарын басқару жоспарын әзірлеу ережелерін; табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану тәртібін; жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін; республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату мен олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобаларын әзірлеу тәртібін; осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесін; осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, жүзеге асырылатын балықтың жаппай қырылуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін бекіту; 7) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарау; 8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту бағдарламаларын әзірлеу; 9) өзінің қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің әзірленуін ұйымдастыру; 10) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру; 11) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық жасауды, оларда күзету, қорғау және қалпына келтіру іс- шараларын, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізілуін қамтамасыз ету; 12) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; 13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу; 14) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының ұсынуы бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін келісу; 15) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 16) нысандық киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлеу және бекіту; 17) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың аймақаралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісу; 18) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19) тармақша өзгертілді 19) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды 20) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
9-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдардың құзыретi Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар өздерінің құзыреті шегінде: 1) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту бағдарламалары бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды уәкілетті органға табыс етеді; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және өздерінің қарауындағы осындай аумақтарды кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етіп және осы негіздемелерді кейіннен уәкілетті органның бекітуіне енгізе отырып Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірлеуді ұйымдастырады; 3) уәкілетті органмен келісе отырып, өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын бекітеді, паспорттардың уәкілетті органда тіркелуін жүзеге асырады; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және оларды уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді; 5) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты жүзеге асырады, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді; 6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады; 7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен өздерінің қарауындағы мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды 8) заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкілді және атқарушы органдарының құзыретi Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкілді органдары өз құзыреті шегінде: 1) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құруға және олардың жұмыс істеуіне жұмсалатын шығыстарды жергілікті бюджеттер құрамында бекітеді; 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілейді; 2) өздерінің қарауындағы жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі мен олардың қызметі туралы, соның ішінде мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау мәселелері бойынша атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды. 2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары өз құзыреті шегінде: 1) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желілер жүйесін дамыту бағдарламасы, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға енгізеді; 2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді ұйымдастырады және оларға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді; 3) уәкілетті органмен келісе отырып, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді; |