Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндірушілерге этил спиртін сату ережелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 31 наурыздағы № 42 бұйрығы 2001 жылғы 31 наурыздағы № 42 бұйрығы
Осы редакция 2010 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Отандық өндiрушiлер өндiрген этил спиртi көлемдерiнiң қозғалысына бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында, «Этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16-шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН: 1. Алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) өндiрушiлерге этил спиртiн сатудың қоса берiлiп отырған Ережесi бекiтілсiн. 2. Комитеттiң аумақтық басқармалары мен акциздiк қосындардың қызметкерлерi аталған ережелермен қол қоя отырып таныстырылуы керек. 3. Комитеттiң аумақтық басқармалары қатаң түрде этил спиртiнiң осы ережелерге сәйкес сатылуын қамтамасыз етсiн және Комитетке этил спиртiнiң сатылуы туралы есептi ай сайын тапсырсын. 4. Құқықтық қамтамасыз ету бөлiмi (А. Лепесбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн жүргiзсiн. 5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау - Комитет төрағасының орынбасары Г. Толқымбаевқа жүктелсiн. 6. Осы бұйрық 2001 жылдың 16 шiлдеден бастап күшiне енедi. Төраға Мемлекеттік кіріс министрлігі Акцизделетін өнімнің өндірілуі мен айналымына мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет төрағасының 2001 жылғы 31 наурыз № 42 бұйрығымен бекітілген Алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) өндiрушілерге этил спиртiн сату ережелерi Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|