«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы (2011.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2011.17.02. № 147 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.02.03. № 214 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.07.04. № 391 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.10. № 1203 Қаулысымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын, оның ішінде 2011 жылға: 1) кірістер - 4 346 215 971 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 2 934 895 657 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 86 371 534 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 192 088 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 1 310 756 692 мың теңге; 2) шығындар - 4 647 429 633 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - 91 160 728 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 184 469 274 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 93 308 546 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 338 013 062 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 338 323 062 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 310 000 мың теңге; 5) тапшылық - - 730 387 452 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 2,8 пайыз; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 730 387 452 мың теңге. ҚР Үкіметінің 2011.17.02. № 147 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.10. № 1203 Қаулысымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктерінің бюджеттік инвестициялық жобаларының тізбесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|