Босқын куәлігінің, жол жүру құжатының, пана іздеген адам куәлігінің үлгілерін бекіту туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 356 бұйрығымен күші жойылды
«Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы 6-бабының 7) және 11) тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, босқын куәлігінің; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, жол жүру құжатының; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, пана іздеген адамның куәлігінің үлгілері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 100-п «Босқын куәлігін, жол жүру құжатын, пана іздеген адамның куәлігінің үлгілерін бекіту туралы» 2010 жылғы 30 наурыздағы бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6193 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2010 жылы № 8, 381-бап жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 498 бұйрығына 1-қосымша Үлгі
(мұқабаның 1-ші беті) (1 страница обложки)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
Қазақстан Республикасының елтаңбасы Герб Республики Казахстан
БОСҚЫН КУӘЛІГІ Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|