Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Осы редакция 2010 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1066 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерімен бірге Сот актілерін орындау комитеті; 2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті құрылсын. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері таратылсын. 3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің қарауындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетінің қарауына берілсін. 4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Көліктегі Батыс ішкі істер департаменті», «Көліктегі Орталық ішкі істер департаменті» және «Көліктегі Оңтүстік - Шығыс ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемелері оларды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Көліктегі ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|