Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесін бекіту туралы (2023.22.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 58) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының оларға қатысты тексеру жүргізілмейтін, әуе көлігімен тасымалданатын лауазымды тұлғаларының арнайы тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 788 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 788 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 187 қаулысы. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|