|
|
|
Қазақстан Республикасының (2011.05.07. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 52-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»; 2) 461-баптың жетінші бөлігінің бірінші абзацы «Мемлекеттік» деген сөзден кейін «немесе міндетті» деген сөздермен толықтырылсын; 3) мынадай мазмұндағы 473-1-баппен толықтырылсын: «473-1-бап. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды жүзеге асыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу 1. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды жүзеге асыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын мынадай түрде бұзу: техникалық байқау орталығына тексеру жүргізу кезінде белгіленген, механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйіне сәйкес келмейтін параметрлер көрсетілген техникалық байқаудың диагностикалық картасын беру; техникалық байқау орталығының техникалық ақауы бар механикалық көлік құралына және оның тіркемелеріне міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік беруі; міндетті техникалық байқауды өткізуден негізсіз бас тарту; механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтер ұсынбау; техникалық байқау орталығының орналасқан жерінің өзгергені туралы хабарламау не уақтылы хабарламау; қызмет өңірінде міндетті техникалық байқауды өткізу кестесі туралы халықты хабардар етпеу; міндетті техникалық байқаудың кестесін бұзу, - дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу, техникалық қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоса атқару, - техникалық байқау орталықтарының тізілімінен алып тастай отырып, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың техникалық байқау орталығының аумағында механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді көрсетуі, - жеке тұлғаларға - он бес, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Техникалық байқау орталықтарының тізіліміне енгізген кезде көрінеу дәйексіз ақпарат ұсыну, - техникалық байқау орталықтарының тізілімінен алып тастай отырып, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, - техникалық байқау орталықтарының тізілімінен алып тастай отырып, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; бірінші бөлік «467-1,» деген цифрлардан кейін «473-1,» деген цифрлармен толықтырылсын; екінші бөліктің үшінші абзацы «467-1,» деген цифрлардан кейін «473-1,» деген цифрлармен толықтырылсын; 5) 630-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы «мемлекеттік» деген сөзден кейін «немесе міндетті» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат): 1-бабының 2-тармағының екінші және үшінші абзацтарының қолданысы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылады. Тоқтата тұру кезеңінде осы абзацтар осы заңның 2 бабының редакциясында қолданылады 49-баптың 1-тармағының 37) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «37) халықаралық техникалық байқау сертификатының берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.». 3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 4 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 369-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «немесе мемлекеттік» деген сөздер «, мемлекеттік немесе міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармағының 2) тармақшасының екінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2) 534-баптың 1-тармағының 14) тармақшасында: «механикалық көлік құралдары мен тіркемелерінің техникалық байқаудан өткені туралы куәліктерді,» деген сөздер алып тасталсын; «мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін» деген сөздерден кейін «, халықаралық техникалық байқау сертификатын» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 540-баптың 9) тармақшасында: 3-тармағының 3) тармақшасының екінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді төртінші абзац алып тасталсын; мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: «халықаралық техникалық байқау сертификатын бергені үшін - 50 процент;»; 4) 547-баптың 2-тармағының 7) тармақшасында: 3-тармағының 4) тармақшасының екінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «механикалық көлік құралдарының және тіркемелерінің мемлекеттік байқаудан өткені туралы куәліктерін,» деген сөздер алып тасталсын; «мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін» деген сөздерден кейін «, халықаралық техникалық байқау сертификатын» деген сөздермен толықтырылсын. 4. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат): 4-тармағының 1) тармақшасының екінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1-тармақтың 28) тармақшасындағы «оларға мемлекеттік техникалық тексеру жүргiзу,» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақтың 19) тармақшасындағы «, көлiк құралдарының жекелеген түрлерiнiң мемлекеттік техникалық тексеруден өтуiн» деген сөздер «, көлiк құралдары иелерінің мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтуiн» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 10-баптың 1-тармағының 18) тармақшасында: «нормативтердің сақталуын» деген сөздерден кейін «және механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелері иелерінің міндетті техникалық байқаудан уақтылы өтуін» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармағының 2) тармақшасының үшінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «оларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге,» деген сөздер алып тасталсын. 5. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) автомагистраль бiр-бiрiнен бөлiп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлiнген, жүрiстiң әрбiр бағыты үшiн жүру бөлiктерi бар, басқа жолдарды, теміржолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретiн жолдарды бiр деңгейде кесiп өтпейтiн жол; 2) жол - мемлекеттік есепке алуға жататын және көлiк құралдарының жүруiне арналған инженерлiк құрылыс кешенi болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдi мекен көшесi. Жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу жолақтары болған жағдайда - соларды қамтиды; 3) жол жүрiсi - адамдар мен жүктердiң жолдармен көлiк құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргiншiлер) жүрiсi кезiнде, сондай-ақ осы жүрiс ережелерiн реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы; 4) жол жүрiсi қауiпсiздiгi - жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрiсiне қатысушылар мен мемлекеттiң қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi; 5) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету - жол-көлiк оқиғаларының туындауын болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет; 6) жол жүрiсiне қатысушы - жүргiзушi, жүргiншi, көлiк құралының жолаушысы, мал айдаушы ретiнде жүрiс процесiне тiкелей қатысатын адам; 7) жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдары - жол белгiлерi, жол таңбалары, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса алғанда), темір жол өткелдеріндегі реттегiш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар; 8) жол жүрiсiн ұйымдастыру - жолдардағы жүрiстi басқару жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар мен өкiммен жүргiзілетiн iс-қимылдар кешенi; 9) жол-көлiк оқиғасы - көлiк құралының жол бойында жүрiсi процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүк бүлiнген не өзге де материалдық залал келтiрген оқиға; 10) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган - автомобиль көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 11) көлiк құралы - адамдарды, жүктi немесе үстiне орнатылған жабдықтарды жолдармен тасымалдауға арналған қондырғы; 12) қызмет өңірі - тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін бөлу принципі бойынша көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындаған аумақ; 5-тармағының 1) тармақшасының он алтыншы абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 13) мемлекеттік техникалық байқау - тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнің, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың мерзімді процесі; 14) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі - механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иелері, механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелері, міндетті техникалық байқауды өткізудің нәтижелері, берілген міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктер мен халықаралық техникалық байқау сертификаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы; 15) механикалық көлiк құралы - мопедтен басқа, қозғалтқыш арқылы жүретiн көлiк құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналарға да қолданылады; 16) міндетті техникалық байқау - механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін техникалық байқау орталығының диагностикалауының мерзімді процесі; 17) міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік - қатаң есептілік бланкісі болып табылатын және міндетті техникалық байқаудан өту фактісін растайтын, оның нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі белгіленген құжат; 18) техникалық байқаудың диагностикалық картасы - механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің техникалық жай-күйі параметрлерінің тізбесі бар, иесі мен механикалық көлік құралы және оның тіркемелері туралы және міндетті техникалық байқау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжат; 19) техникалық байқаудың стационарлық желісі - көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуге арналған техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған ғимараттар кешені; 20) техникалық байқаудың ұтқыр желісі - көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуге арналған техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, арнайы көлік құралынан тұратын жылжымалы кешен; 21) техникалық байқау орталығы - механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізетін стационарлық және ұтқыр техникалық байқау желісі бар және техникалық байқау орталықтарының тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға; 22) техникалық байқау орталықтарының тізілімі - жүргізілуін көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын техникалық байқау орталықтарының бірыңғай тізілімі; 23) тiркеме қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлiк құралының құрамында жүруге арналған көлiк құралы. Бұл ұғым жартылай тiркемелер мен ұзартылмалы тiркемелерге де қолданылады; 24) халықаралық техникалық байқау сертификаты - қатаң есептіліктегі бланк болып табылатын және халықаралық автомобиль қатынасында пайдаланылатын, салмағы 3,5 тоннадан асатын механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өту фактісін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат.»; 2) 6-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы - он бірінші абзацтармен толықтырылсын: «механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту; механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін бекіту; техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту.»; 3) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «7-1-бап. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның құзыреті Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның құзыретіне: 1) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қызметін басқару; 2) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету; 3) техникалық байқау орталықтарының механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 4) міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту; 5) техникалық байқау орталықтарының тізілімін жүргізу; 6) халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне түсетін, бланк өнімін сату қызметін көрсету төлемінің төленгенін растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылатын механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін техникалық байқау орталықтарына беру; 8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзірлеу және бекіту; 9) қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келісу; 10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»; 5-тармағының 4) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4) 18-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «, механикалық көлік құралының немесе тіркемесінің мемлекеттік техникалық тексеруден өтуі туралы куәлікті» деген сөздер алып тасталсын; 5) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын: «18-1-бап. Техникалық байқау орталықтарының тізілімі 1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау орталықтарының тізілімін жүргізеді, оның мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялануын жүзеге асырады және өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Тізілімді жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Техникалық байқау орталығы механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды өткізу жөніндегі қызметті көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау орталықтарының тізіліміне енгізген күннен бастап жүзеге асырады. 2. Техникалық байқау орталықтарының тізіліміне енгізу мақсатында көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттар: 1) өтініш; 2) заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 3) дара кәсіпкер үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 4) техникалық байқау орталығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жүргізілгені туралы мөртабан қойылған, жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері; 5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы; 6) сынақ жабдығын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшірмелері; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшем құралдары туралы ақпарат ұсынылады. 3. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган өтінішті оған қоса беріліп отырған құжаттармен бірге ол берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды, оның қорытындысы бойынша өтініш берушіге тізілімге енгізу туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелді бас тарту жіберіледі. Өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйектілігін тексеру мақсатында көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардан мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды сұратуға құқылы. Аталған тұлғалар сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сұрау салынған құжаттарды ұсынуға міндетті.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |