|
Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесін бекіту (2004.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 71-бабын іске асыру және бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыруын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілеу мақсатында, Бұйырамын: 1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесі бекітілсін. 2. Қылмыстық-атқару жүйесінің облыстар және Астана қаласы бойынша басқармаларының басшылығы осы Ережені бөлімшелердің жеке құрамының зерделеуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы әділет полковнигі Н.Р.Смағұловқа жүктелсін. 4. Бұйрық әділет органдарында тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
«Келісілді» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі генерал-полковнигі 2003 жылғы 05.09
Әділет министрінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 194 бұйрығымен бекітілген
Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сотталғандарды бас бостандығынан айыруға айдауылдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) сотталғандарды көліктің арнайы түрлерінде айдауылдау тәртібін реттейді, қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін тәсілдерді белгілейді. 2. Түзеу мекемелерінде (бұдан әрі - ТМ) сотталғандарды айдауылдау жөніндегі міндеттерді орындау үшін күзет қызметі қызметкерлерінің ішінен айдауыл тағайындалады. Айдауылдың міндетіне: 1) жоспарлы бағыттардың алмастыру пунктіне және кері қарай сотталғандарды айдауылдау. Айдауыл сотталғандарды қабылдауды (тапсыруды) жүргізетін түзеу мекемесінің орналастыру пункттеріндегі станциялар, айлақтар, аэропорттар бағыттағы орын алмастыру пункттері болып табылады; 2) сотталғандарды денсаулық сақтау органдарының емдеу-алдын-алу мекемелеріне және кері қарай айдауылдау кіреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|