Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2010 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетi Төрағасына (Ерғожин Д.Е.) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау комитетi Төрағасына (Кәрбозов Қ-К.Ж.) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 63 бұйрығымен бекітілген
Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі - Салық комитеті), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - Кедендік бақылау комитеті) мен мәмілеге қатысушы арасында трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім (бұдан әрі - Келісім) жасасу тәртібін көздейді. 2. Келісімде мынадай тармақтар көрсетіледі: 1) жалпы ережелер; 2) Келісім тараптары; 3) Келісім мәні; 4) ұсынылатын құжаттар тізбесі; 5) нарықтық бағаны айқындау әдісі; 6) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі; 7) Келісімнің қолданыс мерзімі; 8) Келісім күшіне енген күн; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|