2011-2013 жылдарға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы
Осы редакция 2011 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 4 желтоқсан 2008 жылғы Бюджет кодексіне, 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. 2011-2013 жылдарға арналған Алматы қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін, оның ішінде 2011 жылға келесі көлемдерде: 1) кірістер - 179 063 500 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 176 653 200 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 872 300 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 538 000 мың теңге; 2)шығындар - 177 237 274 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - - 50 000 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттерді өтеу - 50 000 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 245 258 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 245 258 мың теңге; 5) бюджет профициті -1 630 968 мың теңге; бюджет профицитін пайдалану - - 1 630 968 мың теңге. 2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен түсімдер есебінен құралады деп белгіленсін: - жеке табыс салығынан; - әлеуметтік салықтан; - заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан; - жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан; - жер салығынан; - заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан; - жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан; - бірыңғай жер салығынан; - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өнімдеріне (оның ішінде араққа, әлсіз және күшті ликер-арақ бұйымдарына, шарапқа, коньякқа, сыраға) спирттің барлық түрлеріне берілген акциздерден; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|