Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі туралы ереженi бекіту туралы
Осы редакция 2011 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 11-бабына сәйкес қаулы етемін: 1. Қоса берiлiп отырған Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі туралы ереже бекітілсiн. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Президентінің 2002 жылғы 29 тамыз № 941 Жарлығымен бекітілген
Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі туралы ереже
1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңына сәйкес қолданылады және дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне (бұдан әрi қызметкерлер) дипломаттық дәрежелердi беру тәртібін реттейдi.
2. Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі
2. Қызметкерлерге мынадай дипломаттық дәрежелер берiледi: 1) атташе; 2) үшiншi хатшы; 3) II сыныпты екiншi хатшы; 4) І сыныпты екiншi хатшы; 5) ІІ сыныпты бiрiншi хатшы; 6) I сыныпты бiрiншi хатшы; 7) II сыныпты кеңесшi; 8) І сыныпты кеңесшi; 9) II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл; 10) I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл; 11) Төтенше және Өкiлеттi Елшi. 3. Төтенше және Өкiлеттi Елшi, I және II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломаттық дәрежелерiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi. Басқа дипломаттық дәрежелердi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдегi мекемелерi немесе құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi бередi. 4. Қызметкерлер үшiн дипломаттық дәрежелерде болудың мынадай мерзiмдерi белгiленедi: 1) атташе, үшiншi хатшы, ІІ және І сыныпты екiншi хатшы үшiн - екi жыл; 2) II және І сыныпты бiрiншi хатшы, ІІ сыныпты кеңесшi үшiн - үш жыл; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|