«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңының 24-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі туралы ережесінің 19-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті: 1) екі апталық мерзімде осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасы әділет органдарында осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат вице-министрі Сакен Сейітжаппарұлы Сарсеновке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Байланыс және ақпарат Министрінің 2011 жылғы 17 наурыздағы № 76 бұйрығымен бекітілді
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі жанындағы Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|