Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы (2012.11.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің жанынан Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті (бұдан әрі - Комитет) құрылсын. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының коммуналдық меншігінен берілетін халыққа қызмет көрсету орталықтары - мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) мүліктік кешендер ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын және осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес олар Комитеттің қарамағына берілсін. 3. Комитетті және осы қаулының 2-тармағындағы берілетін мекемелерді қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет қаражаты және бекітілген штат санының лимиті есебінен жүргізіледі деп белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Комитетпен және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын. 5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|