2011 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 5/2-618 хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5) тармақшасына, 20 бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесіне сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және олардың қаржыландырудың көздері осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін. 2. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджеттің және жұмыс берушілердің қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылсын. 3. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздарға төлемақы Қазақстан Республикасының 2010 жылы 29 қарашадағы «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен бекітілген ең төмен айлық еңбекақыдан кем емес мөлшерде белгіленсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.М.Нарымбетовке жүктелсін. 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 наурыздағы 2011 жылғы № 215 қаулысымен бекітілген
2011 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, нақты жағдайлары, еңбекақы мөлшері мен қаржыландыру көзi
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|