|
2011-2013 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы
Осы редакция 2011 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШТІ: 1. 1, 2 және сәйкесінше 3-қосымшаларға сәйкес 2011-2013 жылдарға, соның ішінде 2011 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті келесі көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 72 121 412 мың теңге, соның ішінде мыналар бойынша: салықтық түсімдер - 7 846 285 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 429 547 мың теңге; трансферттер түсімі - 63 845 580 мың теңге; 2) шығындар - 71 991 412 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 1 110 058 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 1 408 126 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 298 068 мың теңге; 4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 130 000 мың теңге, соның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу - 130 000 мың теңге; 5) дефицит - - 1 110 058 мың теңге; 6) дефицитті қаржыландыру - 1 110 058 мың теңге. 2. 2011 жылға арналған облыстық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгілесін: біржолғы талондар бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардан жеке табыс салығының түсуін қоспағанда жеке табыс салығы; табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем. Облыстық бюджетке салық көзінен ұсталатын және ұсталынбайтын жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтері - 100 пайызда, аудандар және Петропавл қаласының бюджеттеріне біржолғы талондар бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардан жеке табыс салығының түсуін қоспағанда жеке табыс салығы, әлеуметтік салық бойынша - 100 пайызда белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|