Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2020.24.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулыда: 1) 2-тармақта: бірінші абзацтың екінші сөйлемі алып тасталсын; екінші абзац алып тасталсын: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін сотталған, не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды»; бірінші абзацтағы «немесе біртектес» деген сөздер алып тасталсын; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қылмыстың бірнеше рет жасалуын тек ұқсас қылмыстар құрайды. Сондықтан бірнеше біртектес қылмыстарды жасау қылмыстарды бірнеше рет жасау ретінде танылмайды және қылмыстардың жиынтығы ретінде саралануға жатады. Мысалы, адамның ұрлық жасауы мен тонауы оның әрекеттері «қылмысты бірнеше рет жасау» деген белгісіз, ҚК-нің 175-бабы мен 178-бабының жиынтығы бойынша саралануға тиіс.»; бірінші абзацта «кінәнің бірыңғай нысанымен» деген сөздер «бірыңғай пиғылмен» деген сөздермен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|