Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен - теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту (2023.23.01. берілген өзгерістермен)
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 19) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 197 бұйрығымен бекітілген
Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағидасы
§ 1. Қолданылу саласы
1. Құжаттарды ресімдеу және өткізу рәсімдерін реттейтін ұйымдастырушылық және техникалық талаптар, кемелердің корпустарын, механизмдерін және электр жабдықтарын жаңарту кезіндегі жұмыстың көлемі ішкі суларда және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағиданың (бұдан әрі - Қағида) реттеу мәні болып табылады. 2. Осы Қағидада уәкілетті органмен бекітілген және Қазақстан Республикасы Көлік және қатынас жолдары комитетінің «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде пайдаланылатын қағидаларға (бұдан әрі - Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасы) сілтемелер бар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|