«Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2009 жылғы жылдық қаржылық (шоғырландырылған және жеке) есептілігін бекіту, 2009 жыл үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бір жай акциясына шаққандағы 2009 жылғы дивидендтің мөлшері туралы
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 2) және 10) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2009 жылғы жылдық қаржылық (шоғырландырылған және жеке) есептілігі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 23, мекенжайында орналасқан, деректемелері: салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) 620200333937, жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) KZ456010111000026976, «Қазақстанның халық банкі» акционерлік қоғамындағы банктік сәйкестендіру коды (БСК) HSBKKZKX, Астана қаласы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу 7 056 000 000 (жеті миллиард елу алты миллион) теңге мөлшерінде жүзеге асырылсын. 3. Қордың бір жай акциясына шаққандағы 2009 жылғы дивидендтің мөлшері - 2 (екі) теңге 3 (үш) тиын болып бекітілсін. 4. Осы қаулыға қол қойылған күн дивидендтерді төлеудің басталған күні деп белгіленсін. 5. Дивидендтерді төлеу 10 (он) жұмыс күні ішінде 201301 бюджеттік жіктеу коды бойынша республикалық бюджетке қолма-қол ақшасыз аудару жолымен ақшалай нысанда жүргізілсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 354 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|