Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен күші жойылды
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу мақсатында бұйырамын: 1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - нұсқаулық) бекітілсін. 2. Ұлттық тестілеу орталығы (Қ.С.Әбдиев): 1) ұлттық бірыңғай тестілеудің нұсқаулығын жоғары оқу орындарының және облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының назарына жеткізсін; 2) ұлттық бірыңғай тестілеу нұсқаулығының орындалуын қамтамасыз етсін. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә.Бектемесов): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ұрламандар ақпарат құралдарында жарияласын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә.Ырсалиевке жүктесін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 184 бұйрығымен бекітілген
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу келесі кезеңдерді қамтиды: 1) ҰБТ өткізу пунктінің базасын қалыптастыру; 2) «Бітірушілер» деректер базасын қалыптастыру; 3) тестілеу өткізуге дайындық; 4) тестілеуді өткізу; 5) апелляция өткізу; 6) сертификаттарды басу және тарату; 7) жұмыс бойынша есеп дайындау. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|