«Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Шетел тілі» пәндері бойынша бакалавриаттың типтік білім беру оқыту
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Бакалавриаттың типтік білім беру оқыту бағдарламалары төмендегідей пәндер бойынша бекітілсін: 1) 1-қосымшаға сәйкес қазақ тілі; 2) 2-қосымшаға сәйкес орыс тілі; 3) 3-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орындарының тілдік мамандықтары үшін шетел тілі; 4) 4-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орындарының тілдік емес мамандықтары үшін А1-С2 деңгейіндегі шетел тілі; 5) 5-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орындарының тілдік емес мамандықтары үшін В1-В2 деңгейіндегі шетел тілі. 2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Н.Р. Аршабеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғаламтор ресурсында (www.edu.gov.kz) орналастырсын. 3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 39 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақ тілі» пәні бойынша типтік білім беру оқыту бағдарламасы
1. Жалпы білім беру блогындағы қазақ тілі пәнінің мақсаты мен міндеттері
Қазақ тілін оқытуда халықаралық стандартқа негізделген 6 деңгейлі оқыту жүйесі басшылыққа алынып, сонымен бірге қазақ тілінің тілдік ерекшелігі мен ұлттық-танымдық сапалары ескеріледі. Оқытудың жаңашыл әдістемелік-теориялық негіздемелеріне сай төмендегідей тілді меңгеру деңгейлері ұсынылады: В1 - негізгі жеткілікті деңгей; В2 - негізгі стандартты деңгей; С1-С2 - негізгі стандарттан жоғары деңгей. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|