Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қазандағы № 1100 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 417 Қаулысымен күші жойылды
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қазандағы № 1100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: атауында және 1-тармақты «және сыйақыларын оларды шығаратын немесе импорттайтын тұлғалар төлейтін табыс алмай» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 3маусымдағы № 622 қаулысымен бекітілген
Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта және сыйақыларын оларды шығаратын немесе импорттайтын тұлғалар төлейтін табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесі
Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта және сыйақыларын оларды шығаратын немесе импорттайтын тұлғалар төлейтін табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдық: 1) дыбыс жазатын немесе бейнежазба жазатын құрылғысы бар және магниттік, оптикалық немесе жартылай өткізгіштік жеткізгіштерді пайдаланатын аппаратура, оның ішінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|