ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 714 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 643 қаулысымен бекітілген
Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау
1. Осы Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағиданың қолданысы Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары бойынша жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — тасымалдаушылар) қолданылады. Алдағы навигацияға жоспарланған тасымалдау көлемі мен маршруттар туралы мәліметтерді жыл басында тасымалдаушылар су көлігіндегі бақылаушы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады. Тасымалдаудың нақты жүргізілген көлемі мен маршруттары туралы ақпаратты тасымалдаушылар есептіден кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей су көлігіндегі бақылаушы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады. 3. Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінің арасында жүктерді тасымалдау шартын жасасу жолымен жүзеге асырылады, оған сәйкес тасымалдаушы жүкті сақтай отырып, шартта белгіленген мерзімде жеткізуге, ал жүк жөнелтуші жүкті келісілген көлемде қабылдауға және тасымалдау үшін төлем жүргізуге кепілдік береді. Жүк тасымалдау шартында жүк тасымалдауды ұйымдастырудың басқа да шарттары белгіленеді.
2. Жүктерді тасымалдауға ұсыну және қабылдау
4. Жүкті тасымалдауға қабылдау айлақтарда көлік жүкқұжаты және өзге тасымалдау құжаттары бойынша жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|