Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын және Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 714 Қаулысымен күші жойылды
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы; 2) Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 643 қаулысымен бекітілген
Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағиданың қолданысы паромдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тасымалдаушы) қолданылады. Алдағы навигацияға тасымалдаудың жоспарланған көлемі мен маршруттары туралы мәліметтерді тасымалдаушылар ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) ұсынады. Нақты жүргізілген көлемдер мен маршруттар туралы ақпаратты тасымалдаушылар аумақтық бөлімшеге есептіден кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей ұсынады. 3. Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау жолаушылар мен багажды тасымалдау шарттары негізінде жүргізіледі.
2. Жолаушылар мен багажды тасымалдау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|