Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы (2013.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 774 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 43) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 қаулысымен бекітілген
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және әуежай пайдаланушыларына сертификат беру тәртібін белгілейді. 2. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатын басқа адамға беруге болмайды. 3. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаты саласы мен қолданыс мерзімі көрсетіле отырып, екі жыл мерзімге беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|