Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесін және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы (2009.28.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесі; 2) Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша «салымшылардың», «салымшылармен», «салымшылар», «салымшының», «салымшыға», «жасалған» деген сөздерден кейін тиісінше «(алушылардың)», «(алушылармен)», «(алушылар)», «(алушының)», «(алушыға)», «және қолданылуы тоқтатылған» деген сөздермен толықтырылды (бұр. ред. қара)
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесi
Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын (бұдан әрі - дерекқор), міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін (бұдан әрі - бірыңғай тізім) қалыптастыру тәртібін айқындайды. 1. Дерекқор, бірыңғай тізім жинақтаушы зейнетақы қорлары ұсынатын мәліметтердің негізінде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (бұдан әрі - Орталық) базасында қалыптастырылады. ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары 2006 жылғы 1 наурызға дейін Орталыққа электронды жеткізушіде жасалған және қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында олар бойынша жеке зейнетақы шоттары ашылған, бірақ міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ салымшылар (алушылар) туралы мәліметтерді ұсынады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары өздерінің барлық қызметі кезеңіндегі мәліметтерді салымшылардың (алушылардың) деректемелерінде жүргізілген өзгерістерді ескере отырып, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді. ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары, дерекқорды жаңарту мақсатында, 2009 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде Орталыққа міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді олардың тоқтатылу себептерін көрсете отырып, электронды жеткізушіде ұсынады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары өз қызметінің барлық кезеңіндегі мәліметтерді салымшылардың (алушылардың) деректемелерінде жүргізілген өзгерістерді ескере отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді. ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Орталық осы Ереженің 2, 2-1-тармақтарында белгіленген жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған мәліметтердің, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары күн сайын беретін міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтердің негізінде қалыптастырады және дерекқор мен бірыңғай тізімді күн сайын жаңартып отырады. ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтер алынған күннен кейінгі күннен кешіктірмей: 1) келіп түскен мәліметтерді: салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жылына екі реттен артық емес жасасуы; салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы қордан екіншісіне аудару кезеңінде жасасуы; жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді Орталыққа беру мерзімдерін сақтауы мәніне тексеруді жүзеге асырады; 2) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді: егер салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бір жылда екі рет жасасқан жағдайда; салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шартты зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аудару кезеңінде жасасқан кезде бірыңғай тізімге енгізуден бас тартады. ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Дерекқорда әрбір салымшы жөнінде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), салымшының (алушының) жынысы, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, салымшы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының нөмірі, күні және атауы, салымшыға (алушыға) жеке зейнетақы шоты ашылған жинақтаушы зейнетақы қорының күні мен атауы, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату және жеке зейнетақы шотының жабылу күні мен себебі (салымшыға (алушыға) немесе оның мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын, зейнетақы төлемдерінің жүзеге асырылу негіздемесін көрсете отырып төлеу, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аудару). ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Бірыңғай тізімде әрбір салымшы жөнінде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, неғұрлым соңғы жасасу күні бар міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының атауы. ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 қаулысымен 6-тармақпен толықтырылды 6. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған, осы Ереженің 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген мәліметтердің негізінде Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені немесе енгізілмегені туралы хаттаманы (бұдан әрі - Хаттама) жинақтаушы зейнетақы қорларына жібереді. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді осы Ережеде көзделген негіздемелер бойынша бірыңғай тізімге енгізуден бас тартқан жағдайда, Хаттама міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы енгізілмеген шарттар туралы ақпаратты қамтуға тиіс (енгізілмеу себебін көрсете отырып). ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 қаулысымен 7-тармақпен толықтырылды 7. Орталық ай сайын жинақтаушы зейнетақы қорларының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жандандырудың осы Ереженің 3-тармағында белгіленген мерзімдерін бұзуы анықталған фактілер туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы уәкілетті органды хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.28.01. № 72 қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесіне 1-қосымша
200__жылғы "__"______ _______Орталыққа жіберетін жасалған және қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорының атауы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында олар бойынша жеке зейнетақы шоттары ашылған, бірақ міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ салымшылар (алушылар) туралы мәліметтер
кестенің жалғасы
Ескертпе: 1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында ЖСН қалыптастыру сәтіндегі тиісті мәліметтер қамтылуы тиіс. Олар бойынша мәліметтер болмаған жағдайда 9, 13, 14-бағандарды толтыру міндетті емес. 16, 17-бағандар қажеттілігіне қарай толтырылады. 17-бағанда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуі тиіс: 1 - зейнеткерлік жасқа, ер адамдар 63, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу 2 - төтенше немесе ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу 3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу 4 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, І және II топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу 5 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу 6 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты 7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты 8 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу 9 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын жерлеуге төлеу 10 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесіне 2-қосымша
200 жылғы «___»____________________ _____________________________________________________________ жинақтаушы зейнетақы қорының атауы Орталыққа жіберетін қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтер
Ескертпе: 1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда ӘЖК тіркеу сәтіндегі және ағымдағы уақыттағы тиісті мәліметтер қамтылуға тиіс. 13, 14, 15-бағандары міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау кезінде толтырылуға міндетті. 16, 17-бағандарда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі болуға тиіс: 1 - зейнеткерлік жас: ер адамдар 63 жасқа, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу; 2 - төтенше немесе ең жоғары радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу; 3-5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу; 4 - Орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасы заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне: 1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін; 2) арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызмет, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған жағдайда толық көлемде зейнетақы төлемдері тағайындалуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу; 5 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, I және II топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу; 6 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу; 7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты; 8 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты; 9 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне(леріне) зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу; 10 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын жерлеуге төлеу; 11 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын төлеу.
Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша «салымшылармен», «салымшының», «салымшыға», «жасалған» деген сөздерден кейін тиісінше «(алушылармен)», «(алушының)», «(алушыға)», «және қолданылуы тоқтатылған» деген сөздермен толықтырылды (бұр. ред. қара)
Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегi мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесi
Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа (бұдан әрі - Орталық) салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 (бұр. ред. қара); 2009.28.01. № 72 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары күн сайын Орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтер берілген күннің алдындағы жұмыс күнгі мұндай мәліметтерді осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді. ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Орталыққа берілетін салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтердің құрылымы мыналарды қамтуға тиіс: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), салымшының (алушының) жынысы, салымшының (алушының) туған күні, жеке басын куәландыратын құжат деректері, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттың нөмірі мен күні, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотының ашылған күні, міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату және жеке зейнетақы шотының жабылу күні мен себебі (салымшыға (алушыға) немесе оның мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын, зейнетақы төлемдерінің жүзеге асырылу негіздемесін көрсете отырып төлеу, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аудару). ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 (бұр. ред. қара); 2009.28.01. № 72 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Мәліметтерді беру күн сайын Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электронды тәсілмен, ақпарат көлігінің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, ағымдағы күнгі Астана қаласы уақытының 23 сағат 30 минутынан кешіктірмей жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Орталық мәліметтер келіп түскен күннен бастап келесі жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына осы мәліметтердің Орталыққа келіп түскені туралы куәландыратын электронды хабарлама және Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені немесе енгізілмегені туралы хаттама жібереді..
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен қосымша өзгертілді (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара) Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесіне қосымша
200__жылғы "__"______ _____________________Орталыққа беретін жинақтаушы зейнетақы қорының атауы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарттар туралы мәліметтер
кестенің жалғасы
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 (бұр. ред. қара); 2009.28.01. № 72 (бұр.ред.қара) қаулыларымен ескерту өзгертілді Ескерту: 1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында ЖСН қалыптастыру сәтіндегі тиісті мәліметтер көрсетілуі тиіс. 13, 14, 15-бағандар міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау кезінде толтырылуға міндетті 16, 17-бағандар міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт қолданылуын тоқтатқан кезде толтырылуға міндетті 17-бағанда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуі тиіс: 1 - зейнеткерлік жасқа: ер адамдар 63, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу 2 - төтенше немесе ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу 3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу 4 - егер мүгедектігі шектеусіз белгіленген болса, І және II топтағы мүгедектігі белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу; 5 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу 6 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты 7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты 8 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу 9 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын жерлеуге төлеу 11 - жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарының бірлестігi 12 - «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 4-тармағына сәйкес қызметкердің жұмыстан босатылуына байланысты (корпоративтік ЖЗҚ үшін).
|