Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ережені бекіту туралы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 451 бұйрығымен күші жойылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 11) тармақшасын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ереже бекітілсін. 2. Ғылым комитеті (Б.А.Қасымбеков): 1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. «Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 7 қарашадағы № 707 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3948 болып тіркелген, 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 173-174 (798) «Заң газеті») күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М. К.Орынхановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 202 бұйрығымен бекітілген
Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ережені бекіту туралы
1. Жалпы ережелер
1. Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы Ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңес (бұдан әрі - Кеңес) болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|