Пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасын бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 326 бұйрығымен бекітілген
Пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдаланылған кемелердің элементтерін қолдана отырып, ішкі және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» заңына сәйкес әзірленген және пайдаланылған кемелердің элементтерін қолдана отырып, ішкі және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді (бұдан әрі - кеме) жасау және жобалау, сәйкестікті растау, элементтердің беріктік есептері және кемені сынау мәселелерін регламенттейді. 2. Кемелерді жасау Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген жоба бойынша жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|