|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-баптың 1-тармағы 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар): 1) мазмұнындағы жиырма төртінші абзац алып тасталсын; 2) 19-1-бап алып тасталсын; 3) 32-бапта: 2-тармақтағы «, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің шешімі негізінде» деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 4) 33-баптың 1-тармағы алтыншы бөлігінің 2) тармақшасындағы «учаскесiне талап етiлмейдi.» деген сөздер «учаскесіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы жер учаскелерін Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес екінші рет жер пайдалануға (қосалқы жалға) берген кезде талап етiлмейдi.»; 5) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын: «43-бап. Жер учаскесiне құқық беру тәртібі 1. Мемлекеттік меншiктегi жерлерден жер учаскесiне құқық беру мынадай ретпен жүргiзiледi: 1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау; 2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау; 3) жер учаскесiн алдын ала таңдау (жер учаскесі объектілер салу үшін сұралған кезде); 4) тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы қорытындысын дайындауы; 5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекіту; 6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы; 7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу; 8) жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу; 9) жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарын дайындау және беру. 2. Жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi осы Кодексте белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. Жер учаскесін беру туралы шешім комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негізінде қабылданады. Жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешім комиссияның теріс қорытындысы негізінде қабылданады. Комиссияны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жергілікті өкілді органның депутаттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының, сондай-ақ тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (олар бар болса) өкілдері қатарынан құрады. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейiнде құрылатын комиссиялардың құрамына қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, жер ресурстарын басқару саласындағы уәкiлеттi органдардың тиiстi аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерi де мiндеттi түрде енгiзiледi. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының қалауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгiзiлуi мүмкiн. Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмi ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары құратын комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негiзiнде қабылданады. Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң жер учаскесiн беруден бас тарту туралы шешiмi комиссияның теріс қорытындысы негiзiнде қабылданады. Комиссия қорытындысы сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану немесе жер учаскесін алдын ала таңдап алу (жер учаскесі объектілер салу үшін сұралған кезде) мүмкіндігі туралы ұсыныстың комиссияға түскен кезінен бастап бес жұмыс күні ішінде екі данада хаттамалық шешім нысанында жасалады. Комиссияның оң қорытындысының бір данасы бес жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындау үшін өтініш берушіге жіберіледі. 3. Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне өтiнiш бередi. Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды көлемi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс. Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiшке жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледi. Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесіп) айқындау үшін жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарына үш жұмыс күні ішінде түседі. Жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі ол түскен кезден бастап екі айға дейінгі мерзімді құрайды. Өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары өтініш берушіге екі жұмыс күні ішінде оның өтінішін қараудан дәлелді түрде жазбаша бас тартуды береді. Көрсетілген мерзiмге: осы Кодекстің 44-бабының 3-тармағына сәйкес дайындалатын жерге орналастыру жобасын жасау; осы Кодекстің 44-бабының 6-тармағында белгіленген келісу; жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу кезеңдері кірмейді. 4. Жер учаскесi орналасқан жердегi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкiлеттi органдары (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып) сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды. Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап он жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды. 5. Нысаналы мақсатына қарай жер учаскелерiн беру ерекшелiктерi осы Кодекстiң 44 және 45-баптарына сәйкес айқындалады. 6. Осы Кодекстiң 84-бабына сәйкес жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшiн алып қою жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiне құқық беруден бас тарту облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң шешiмiмен ресiмделедi және оның дәлелдi себептерi көрсетiлуге тиіс, ал көшiрмесi өтiнiш берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде тапсырылуға тиiс. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмi комиссияның тиiстi қорытындысы келiп түскен кезден бастап жетi күнге дейiнгi мерзiмде қабылданады. 7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскелерiне тиiстi құқықтар беру не оларды беруден бас тарту туралы шешімінің көшірмесі шешім қабылданған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тапсырылады (жіберіледі). Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі жерге орналастыру iсiн өз шешiмiмен бiрге жоғары тұрған органға түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн жiбередi. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиiстi уәкiлеттi органы бекiткен жерге орналастыру жобасы келiп түскен кезден бастап жеті жұмыс күніне дейiнгi мерзiмде қабылданады. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде, сол шешімнің негізінде сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасады. Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш беруі негізінде жүзеге асырылады. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеу және беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алты жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жеке тұрғын үй құрылысына бөлiп берiлетiн алаңда жер учаскелерiн жайластырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда әрбiр жер учаскесi үшiн жерге орналастыру жобасын жасау талап етiлмейдi. 8. Мемлекеттік меншiктегi жер учаскелерi және сол жер учаскелерiн жалдау құқығы осы Кодекстiң 48-бабында белгiленген ережелер ескерiле отырып, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектiлерi болуы мүмкiн. 9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкiлеттi органдары беретiн мынадай құжаттар: жер учаскесi жеке меншiкте болған кезде - жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici; тұрақты жер пайдалану кезiнде - тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi; уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) кезiнде - уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi; уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде - уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттары болып табылады. Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендiру құжаты сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудi жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендiру құжатын бермейдi, жер-кадастр кітабына және жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтер енгізіледі. Жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтерді енгізу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негізінде жүргізіледі. 10. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi. Құқық белгiлейтiн құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi. 11. Осы Кодекс қолданысқа енгiзiлгенге дейiн азаматтар мен заңды тұлғаларға бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген жер учаскелерiне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген жер учаскелерiне құқықтардың өзгеруi ескерiле отырып, заңдық күшiн сақтайды. Осы Кодекске сәйкес мұндай құжаттарды жер учаскелерiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға ауыстыру құқық иеленушілердiң қалауы бойынша жүзеге асырылады. 12. Жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлiк тәртібімен алған кәмелетке толмағандарға жер учаскелерiне құқықты ресiмдеу жағдайларын қоспағанда, жер учаскелерiне құқық кәмелетке толған адамдарға беріледі. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерi бұл жер учаскелерiн мұрагерлер кәмелетке толғанға дейiн жалға беруге құқылы. 13. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқық беру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды. 14. Жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар ақпаратты тұрғындар үшін қолжетімді орындарда арнайы ақпараттық стендтерде тоқсанына кемінде бір рет орналастырып отыруға міндетті.»; 6) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «10) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына және басқарушы компанияға;». 1-баптың 2-тармағы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат): жүз сексен алтыншы абзац алып тасталсын; мынадай мазмұндағы жүз сексен жетінші - жүз тоқсан екінші абзацтармен толықтырылсын: «151-1-бап. Қызметін «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу 151-2-бап. Қызметін «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу 151-3-бап. Қызметін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу 151-4-бап. Қызметін «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу 151-5-бап. Қызметін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу 151-6-бап. Қызметін «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу»; мынадай мазмұндағы үш жүз оныншы және үш жүз он бірінші абзацтармен толықтырылсын: «244-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу 244-3-бап. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері»; 2) 117-баптың 1-тармағы кестесінің 3-жолының 3-бағанындағы «компьютерлер мен жабдық» деген сөздер «компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 120-баптың 2-тармағы кестесінің 3-жолының 3-бағанындағы «компьютерлер мен жабдықтар» деген сөздер «компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 150-бап мынадай редакцияда жазылсын: «150-бап. Жалпы ережелер 1. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн: 1) арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тiркелген; 2) арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ; 3) өзі өндірген тауарларды, қызметтің осы түрлерінен туындайтын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынуға жататын (алынған) табыстар жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын құрайтын осы Кодекстің 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерін қоспағанда, өзі өндірген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден, осы бөлімде көзделген қызмет түрлерінен алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 пайызын құрайтын заңды тұлға қызметiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым болып табылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2. Салық салу мақсатында бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін: 1) салық органында орналасқан жері бойынша салық төлеушілер ретінде тiркелген; 2) құрылымдық бөлiмшелерi жоқ; 3) өзі өндірген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден, осы Кодекстің 151-4-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерінен алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын құрайтын заңды тұлғалар да қызметін «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдар болып танылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган және арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі мен оларды тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бірлесіп бекітеді. Мұндай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 3. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдарға: 1) жер қойнауын пайдаланушылар; 2) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетiн тауарларды өндiретiн ұйымдар; 3) арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар; 4) инвестициялық салықтық преференцияларды қолданған ұйымдар; 5) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жатпайды. 4. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нысанда берілген растауының негiзiнде жүзеге асырылады. 5. Салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу, сондай-ақ нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы бөлімде және осы Кодекстің 244-2 және 244-3-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»; 5) 151-бап алып тасталсын; 6) мынадай мазмұндағы 151-1, 151-2, 151-3, 151-4, 151-5, 151-6, 244-2 және 244-3-баптармен толықтырылсын: «151-1-бап. Қызметін «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу 1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады: химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру; резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау; өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру; тұрмыстық электр аспаптарын жасау; машиналар мен жабдықтарды жасау; металлургия өнеркәсібі; электр жабдығын, оның ішінде электр-жарық беруші жабдық жасау; жарық беруші аспаптарға арналған шыны компоненттерін өндіру; тамақ өнімін өндіру; сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз бен картон өндіру; жиһаз жасау; автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді жасау;темір жол локомотивтері мен жылжымалы құрамды жасау; әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын жасау; негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру; электрондық бөлшектер жасау; жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру. 2. Қызметін «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде: 1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады; Осы тармақшаның ережелері жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, мұражайлар, театрлар, жоғары және орта оқу орындары, оқушылар сарайлары, спорт кешендері объектілерін салу және пайдалануға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды; 2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша: жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент; уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент; мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады. 151-2-бап. Қызметін «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу 1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады: химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру; мұнай-химия өнімдерін, сондай-ақ ілеспе, сабақтас өндіріс пен технологиялар өнімдерін өндіру. 2. Қызметін «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |