Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидасын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 Қаулысымен күші жойылды
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидасы бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 827 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде және кеме қозғалысын басқару қызметтерiнiң (бұдан әрi - КҚБҚ) iс-қимылдары аймақтарында кемелердiң жүзу және тұрақта тұру тәртібін айқындайды. 1) порт акваториясы шегінде және оған кіреберістерде жүзуді; 2) кемелердің портқа кіруін және олардың порттан шығуын; 3) кемелердің портта тұруын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|