Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері туралы (2010.31.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2000 жылғы 25 қаңтардағы Монополияға қарсы келісілген саясат жүргізу туралы шарттың 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ораз Әлиұлы Жандосов және Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері міндетінен босатылсын. ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1517 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары Қуаныш Қалиұлы Нұрпейісов Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері болып тағайындалсын. 3. «Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 қарашадағы № 1174 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|