Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2011 жылғы 2 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелерімен бірге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - Комитет) құрылсын. 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен оның мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелері таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктері құрылған Комитетке берілсін. 3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдар Комитеттің қарамағына берілсін. 4. Комитет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің таратылатын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқор болып белгіленсін. 5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын. 6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін таратуды, оның мүлкін, сондай-ақ штат санын мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарымен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірге беруді жүзеге асырсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|