Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 9 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 10-2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту жөніндегі қағида бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті (А.Ш. Хайдаров) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және заңнамамен белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 02-01-02/164 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту жөніндегі қағида
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту жөніндегі қағида (бұдан әрі - Қағида) мемлекеттік органдардағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулығын біріздендіру мақсатында әзірленді. 2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген негізгі міндеттерден туындайтын және біліктілік талаптары негізінде айқындалатын әкімшілік мемлекеттік қызметшінің нақты міндеттері көрініс табатын құжат лауазымдық нұсқаулық болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|