«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 502 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта: 3) тармақшадағы «қаржыландырудың ережесі бекітілсін.» деген сөздер «қаржыландырудың ережесі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын: «4) Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы; 5) Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.»; осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасымен және Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасымен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 972 қаулысына 1-қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, қаржыландыру және оларға халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Қағида). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|