Облыс аумағында суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы
Осы редакция 2010 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-2 Су Кодексінің 39, 116 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 «Суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» қаулысын орындау жолында, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын тиісті санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, су бетінің ластануы, бүлінуі және тартылуына жол бермеу мақсатында облыс әкімдігі Қаулы етеді: 1. Облыстың су айдындарын іргелес жатқан аумақтарда жер иелері мен жерді пайдаланушылардан жерлерін алмай суды қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең тар ені 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін. 2. Суды қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылық қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын шарттардың қоса беріліп отырған тізілімі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3. Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері: суды қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын ауыстыру, оларды белгілермен, аншлагтармен безендіру, жер есебі құжаттарына өзгертулер енгізу және бұл жұмыстардың жүргізілуін ұдайы бақылауды қамтамасыз ету үшін тиісті бюджеттерде қажетті қаржы қаражаттарын сатылап бөлу жолдарын қарастырсын; су қорларын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган және басқа да арнайы уәкілетті органдардың келісімі бойынша өзендердің ластануын, бітелуі мен тартылуын болдырмайтын тиісті пайдалану режимін сақтаған жағдайда, көлік мақсатында және басқа да арнайы мұқтаждар үшін суды қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі аумақты бөлу мен пайдалануды белгіленген тәртіппен жүргізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|