Өсімдіктер карантині туралы (2011.24.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi. ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бөтен текті түр - Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруларын қоздырушының және арамшөптің түрі; 2) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер - импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантинді объектілердің және басқа да ерекше қауіпті зиянды организмдердің жасырын жұғуын анықтау үшін арнайы жабдықталған көшеттіктер; 3) импорттық карантиндік рұқсат - карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат беретін құжат; 4) карантинге жатқызылған өнім - өздері арқылы карантинді объектілерді таратуы мүмкін кез келген материалдар (жүктер); 5) карантинді аймақ - карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинге жатқызылған деп жарияланған аумақ; 6) карантинді объект - бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп; 7) карантинді объектінің таралу ошағы - карантинді объект анықталған және өсімдік карантині жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ; 8) карантиндік сертификат - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат; 9) карантиндік шара - Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің енуін немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсім; 10) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктер карантині саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 11) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар - карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған, карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын залалсыздандыру және тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жүйесі; 12) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік кәсіпорын; 13) 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 14) өсімдіктер карантині (фитосанитариялық қорғау) - Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстары мен өсімдіктен алынатын өнімін карантинді объектілерден қорғауға бағытталған, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим; 15) фитосанитариялық бақылау бекеті - шекара және кеден пункттері аумағында (кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін пункттер) орналасқан, уәкілетті орган ведомствосының өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлімшесі; 16) фитосанитариялық сертификат - карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат; 17) фитосанитариялық тәуекелді бағалау - қолданылуы мүмкін фитосанитариялық шараларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкілетті орган жүргізетін, карантинді объектілердің ену, орнығу немесе таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуетті биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми негізделген бағалау; 18) фумигациялық отрядтар - карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті органның нұсқамаларына сәйкес немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша газбен дезинсекциялау әдісімен залалсыздандыруды жүзеге асыратын, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бөлімшелері.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының аумағын шет елдерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау; 2) карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру принциптерi Қазақстан Республикасының аумағында өсiмдiктер карантинi жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың принциптерi мыналар болып табылады: 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) Қазақстан Республикасының азық-түлiк және шикiзат қауiпсiздiгiн сақтап тұpy және мүлікті сақтау мақсатында өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмдердi карантиндi объектiлердiң бүлдiруiнен және жоюынан қорғауды қамтамасыз ету; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу, мемлекеттік бақылау мен қадағалау және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық; 3) өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмге карантиндi объектiлердiң ықтимал әсерiн объективтi, ғылыми негiздеп бағалау және олардың ықтимал зиянын болғызбау; 4) халықтың, жеке және заңды тұлғалардың, ұйымдардың, мемлекеттік басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өсiмдiктер карантинi жөніндегі шараларды орындауға белсене қатысуы; 5) өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық. 2-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен ; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, аумақтық бөлімшелері, оның ішінде фитосанитариялық бақылау бекеттері бар ведомствосымен қоса алғанда уәкілетті орган жүзеге асырады.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен ; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіне: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2) уәкілетті орган; 3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер: республикалық, аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар; жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер; республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы; 4) фитосанитариялық зертханалары және фумигациялық отрядтары бар өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын кіреді.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен мазмұн 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; 3) өсімдіктер карантині саласындағы салалық (секторлық) бағдарламаларды бекітеді; 4) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережелерді бекітеді; 5) өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін бекітеді; 6) екі немесе одан көп облыстар аумағында карантиндік режим енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды; 7) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелерді және республикалық мемлекеттік кәсіпорынды құрады.
18.02.02 ж. № 293-II ; 03.07.03 ж. № 463-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді ; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Уәкілетті органның құзыретi 1. Уәкілетті орган: 1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырып, іске асырады; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен мазмұн 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; 2) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленіп, жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесін айқындайды; 3) Қазақстан Республикасында және басқа да мемлекеттерде карантинді объектілердің болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы деректер базасын құрады және мүдделі тұлғаларға ақпарат береді; 4) өсімдіктер карантині саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 5) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені бекітеді; 6) карантинді объектілер залалдаған залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатпайтын карантинге жатқызылған өнімдерді алып қою және жою жөніндегі ережелерді бекітеді; 7) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді; 8) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібі мен тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемені, ұсынымдарды келіседі; 9) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп, халықаралық нормалар талаптары мен ұсынымдарды ескере отырып, фитосанитарлық тәуекелді бағалаудың ғылыми принциптері негізінде карантиндік шараларды әзірлейді және оларды жеке және заңды тұлғалардың орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; 10) Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспектор және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар лауазымдарына орналасуға біліктілік талаптарын белгілейді; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; 12) карантинге жатқызылған өнімдер транзитінің шарттарын айқындайды; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады; 14) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құрады; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 16) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған әкелінетін өнімді тұрақты бастапқы карантиндік тексеруді, қажет болғанда үлгілерін, көлік құралдарын, қол жүгі мен багажды іріктеу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге карантиндік құжаттарды қарайды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 17) карантинге жатқызылған әкелінетін өнім келіп түсетін соңғы пункттерде осы өнімді тұрақты қайтадан карантиндік тексеруді, қажет болғанда аумақтың фитосанитариялық сипаттамасы мен оның шыққан жерін, баратын пунктін, сондай-ақ карантинді объектілерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды ескере отырып, үлгілерін іріктеу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды; 18) карантинге жатқызылған әкетілетін өнімді тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндік тексеруді, қажет болғанда үлгілерін іріктеу арқылы зертханалық сараптамасын және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 19) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік құжаттарының болуын және дұрыс ресімделуін тұрақты негізде қарайды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 20) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жатқызылған өнімдерді тұрақты тексеруді, қажет болғанда үлгілерін іріктеу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндiк құжаттарды қарайды; 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 21) өсімдіктен алынатын өнімдерді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты талғамалы бақылау тексерулерін жүргізеді; 22) 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 23) мынадай: анықталған Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы; өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді және оның орындалуын бақылайды; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен мазмұн 23-1) тармақшамен толықтырылды 23-1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 24) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерде импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантинді объектілерден және бөтен текті түрлерден жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды; 25) карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар және импорттық карантиндік рұқсаттар береді; 26) Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; 27) 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 28) халықаралық нормалар мен талаптардың өсімдіктер карантині саласында жасалған келісімдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 29) өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды 30) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Ведомствоның басшысы Қазақстан Республикасының Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы, ал оның орынбасары - Қазақстан Республикасының Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары болып табылады. Ведомствоның облыстық, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық бөлімшелерінің басшылары тиісті облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады. Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады. 3. Уәкілетті орган өз қызметін шекаралық, кедендік, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады. 4. Уәкілетті органның өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімі лауазымды тұлғалардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады. 5. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары уәкілетті органның өзіне жүктелген міндеттерді шешуіне жәрдемдесуге міндетті.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2006.10.01. № 116-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-1-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-1-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің функциялары 1. Республикалық, аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды. 2. Жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер тексеруге келіп түсетін импорттық, себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы жасырын залалдануды анықтайды. 3. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды. Бұл ретте осы қызмет түрі мемлекеттік монополияның аясына жатады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен мазмұн 7-2-баппен толықтырылды 7-2-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынның функциялары Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын: 1) карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюды жүргізеді. Бұл ретте осы қызмет түрлері мемлекеттік монополияның аясына жатады; 2) карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды, оның ішінде фумигациялауды жүргізеді.
ҚР 29.11.99 ж. № 488-I; 18.02.02 ж. № 293-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың: 1) карантинге жатқызылған өнім мен өсімдіктер карантині жөніндегі бақылау және қадағалау объектілерін тексеріп қарау, фитосанитариялық сараптама және қажет болған кезде залалсыздандыру кезеңінде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық не карантиндік сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе басқа мемлекеттерден импорттық карантиндік рұқсатсыз әкелген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кідіртуге; 1-1) басқа мемлекеттерден әкелінетін, өзінің фитосанитариялық жай-күйі туралы мәліметтер зерттелмеген карантинге жатқызылған, сондай-ақ, тиісті халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты және басқа мемлекеттер қабылдап жатқан фитосанитарлық шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, қолда бар ақпарат негізінде ғылыми негіздеме жеткіліксіз болған жағдайда өнімге қатысты уақытша карантиндік шаралар қолдануға (енгізуге); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында ұйымдарға кедергісіз баруға және оларда зерттеп-қарау жүргізуге, белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат алуға; 3) зертханалық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеп алуға; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) жеке және заңды тұлғаларға карантинді объектілердің таралу ошақтарында және көлікте өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізу туралы нұсқамалар шығаруға; 5) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды, жеке және заңды тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) карантинді объектілер анықталған ерекше жағдайларда дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметін сот шешімінсіз үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде сотқа қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы талап арызды міндетті түрде ұсына отырып, тоқтата тұруға құқығы бар. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады.
ҚР 03.07.03 ж. № 463-II Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 8-1-бап өзгертілді 8-1-бап. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры 1. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры дегеніміз пестицидтердің (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті органның қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады. 2. Пестицидтер (улы химикаттар) қоры карантиндік объектілердің анықталған таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға арналады және бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады . 3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-бап. Қызметі карантинге жатқызылған өнімдермен байланысты тұлғалардың міндеттері Қызметi карантинге жатқызылған өнiмдi өндiруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдау мен өткізуге байланысты мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар: 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын және уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі тиісті іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамаларын сақтауға және орындауға; 2) Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың талап етуi бойынша карантинге жатқызылған өнiм мен карантиндi объектiлердiң бар екендiгi туралы мәлiметтердi табыс етуге; |