Кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 847 қаулысымен бекітілген
Кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Осы Қағида кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзу тәртібін айқындайды. 3. Осы Қағида порттар мен олардың акваториялары аумақтарында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ порттарға кіретін және олардан шығатын, порт акваториясы шегінде жүзетін және тұратын кемелерге қолданылады. Қазақстан Республикасының порттарына шетел кемелерінің кіруі және оларға қызмет көрсету халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.
2. Кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу тәртібі
§ 1. Кеменің жақын келуі туралы ақпарат
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|