Міндетті ведомстволық есептілік нысандарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған жеке кәсіпкерлік саласында тексерілетін субъектілерді тексеру мәселелері жөніндегі: 1-тармақтың 1), 2) тармақшалары 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтық тексерулер бойынша; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдерін ескерумен жоспарланған жоспарлы салықтық тексерулері бойынша міндетті ведомстволық есептілік нысандары бекітілсін. 2. «Міндетті ведомстволық статистикалык есептілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 31, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 4 ақпандағы № 24 және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының 2010 жылғы 4 ақпандағы № 11 о/д бірлескен бұйрығының («Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 20 ақпанда № 63-65 (25911), 2010 жылғы 3 наурызда «Юридическая газета» № 32 (1828) жарияланған) күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы Бірлескен бұйрықтың ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бірлескен бұйрық 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1), 2) тармақшаларын қоспағанда, мемлекеттік органдардың соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|