«Су спорты түрлерінің республикалық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен) Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Су спорты түрлерінің республикалық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. 2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтерді көрсету Қоғам қызметінің негізгі мәні деп белгіленсін. 3. Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру жалпы сомасы 678466935 (алты жүз жетпіс сегіз миллион төрт жүз алпыс алты мың тоғыз жүз отыз бес) теңгеге, «Орталық жүзу бассейні» акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруындағы мемлекеттік мүлік есебінен жүзеге асырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды; 2) Қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетіне беруді; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 1164 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|