Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген
Осы редакция 2009 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Илек өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік
1. Осы Талап илек өндірісін жобалауға, салуға және қайта құруға таратылады. 2. Негізгі жабдықтардың конструкциясы мен технологиялық сызбасына өзгерістер енгізу жобалау мекемесі немесе дайындаушы-зауыттың келісімін алған жағдайда жүзеге асырылады. 3. Қолданыстағы илек өндірісінде өндірістік бақылаудың технологиялық регламенті, апатты жою жоспары әзірленеді.
2-тарау. Ғимараттар мен имараттар
4. Терезе және шам түптеуіштерін ашуға арналған механизмдер жеңіл қол жетерлік және қызмет көрсетілуіне қауіпсіз жерде орналастырылады. 5. Цехтарда ғимарат ішіндегі шаң мен қоқысты, сондай-ақ, өндірістік ғимараттар шатырынан шаң мен мұзды, қарды жинауға арналған механикаландырылған құралдар қарастырылады. 6. Адамдар кіретін жерге қозғалыстағы составтың ғимаратқа кіруіне арналған қақпа орналастыруға тыйым салынады. 7. Илек цехтарында адамдардың қауіпсіз жүріп - тұруы үшін сәйкесінше өтетін жерлер, асу жол көпірлері мен тоннелдер салынады. Цех пен шаруашылық ғимараттарды қосып тұратын тоннелдерден шығу орны көпірлік кран жұмысының төңірегінде орналасады. 8. Илек цехтарының едені мықты, тозуға жарамды материалдардан жасалынады, тегіс, сырғанамайтын болады. Өндіріс ғимараттарындағы жұмыс орындары әр ауысым сайын тазаланып тұрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|