Карантинге жатқызылған өнім тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1170 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған карантинге жатқызылған өнім тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 қазандағы
№ 1170 қаулысымен
бекітілген
Карантинге жатқызылған өнім
тізбесі
Атауы | КО СЭҚ ТН коды* |
I. Карантинге жатқызылған фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнім |
Ғылыми-зерттеу мақсаттарына арналған тірі кенелер, нематодтар және жәндіктер | 0106 90 001 0-ден |
Баданалар, түйнектер, түйнек тәріздес тамырлар, түйнекті баданалар, бұтақталғандарын қоса алғанда, вегетативтік тыныштық, вегетация немесе гүлдену жағдайындағы тамыр сабақтары, өсімдіктер және 1212 тауарлық позициясындағы тамырлардан басқа тамырсабақтар | 0601 |
Басқа да тірі өсімдіктер (олардың тамырларын қоса алғанда), қалемшелер және сұлама бұтақтар | 0602 (0602 90 100 0-ден басқа) |
Гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттарға жарамды кесіп алынған гүлдер мен гүлшанақтар | 0603 11 000 0 - 0603 19 800 0 |
Гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттарға жарамды кесіп алынған, кептірілген гүлдер мен гүлшанақтар | 0603 90 000 0-ден |
Рождество мейрамына арналған ағаштар | 0604 91 200 0 |
Қылкан жапырақты ағаштар бұтақтары | 0604 91 400 0 |
Өсімдіктердің гүлсіз және гүлшанақсыз жапырақтары, бұтақтары және басқа да бөліктері, гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттарға жарамды балғын, кептірілген, одан әрі өңдеуді қажет етпейтін шөптер | 0604 91 900 0-ден 0604 99 100 0-ден |
Жаңа піскен немесе тоңазытылған картоп | 0701 |
Жаңа піскен немесе тоңазытылған қызанақтар | 0702 00 000 |
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
400 тг