Балық және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану аясындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 13 шілдедгі № 18-04/647 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 539 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған балық және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану аясындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. «Балық және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 85 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 63 бірлескен бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6094 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 16 наурыздағы № 96-97 (25943) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|