Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
«Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 4-1/564 бұйрығын қараңыз
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 1206 қаулысымен бекітілген
Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) астық қабылдау кәсіпорны - меншік құқығында астық сақтау жүзеге асырылатын астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға; 2) астық қабылдау кәсіпорынын уақытша басқару (бұдан әрі - уақытша басқару) - астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында оларға қатысты әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|