Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы (2013.20.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 Қаулысымен күші жойылды
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 5-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары; 2) Зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру қағидалары; 3) Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысымен бекітілген
Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына қатысты сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады: тұқымдар - өсімдіктердің сортын молықтыру үшін пайдаланылатын генеративтік және вегетативтік органдары: тұқымның өзі, жемістер, күрделі жемістердің бөлігі, қосалқы жеміс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзуші ұлпалар және басқалар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|